Жаңалықтар
Құрметті клиенттер!
Еліміздегі су басу жағдайларына байланысты, KMF су тасқынынан зардап шеккен қазақстандықтарға ниеттестігін білдіріп, төтенше жағдай салдарынан тезірек қалыпқа келулерін тілейді. Мемлекет басшысының су тасқыны салдарынан төтенше жағдай аудандарында зардап шеккендерге көмек көрсету жөніндегі тапсырмасы бойынша KMF клиенттерге — жеке және заңды тұлғаларға — айыппұлдар мен өсімпұлдар есептемей төлемдерді кейінге қалдыруды ұсынуға дайын екенін хабарлайды.
Бұл ретте жергілікті атқарушы органдар ұсынған зардап шеккендердің тізіміне енгізілгендер мен су тасқынынан зардап шегіп, KMF-ке өтініш берген барлық клиенттер үшін айыппұлдар мен өсімпұлдарсыз, микрокредиттер бойынша төлемдер 3 айға (2024 жылғы 1 сәуірден 30 маусымға дейін) автоматты түрде кейінге қалдырылатынын хабарлаймыз.
Қайта құрылымдауға өтінішті кез келген ыңғайлы тәсілмен беруге болады:
- KMF мобильді қосымшасы;
- info@kmf.kz электронды поштасы;
- KMF бөлімшелеріне бару.
- 7474 нөміріне хабарласу;
- 8 800 080 58 00 нөміріне хабарласу – клиенттер үшін (қалалық телефоннан қоңырау шалу тегін);
- +7 701 801 7474 What's App нөміріне жазу;
- What's App арқылы жеке менеджерге хабарласу;
- KMF-тің әлеуметтік желідегі барлық ресми парақшасына жүгіну;
- KMF бөлімшелеріне бару.
Қабылданған өтініштің нәтижелері бойынша одан әрі шешім қабылдау үшін әрбір зардап шеккен клиентке жеке талдау жүргізілетін болады.
Тағы оқыңыз