«KMF»-тің Басқарма Төрағасы Шалқар Жүсіпов «Еңбегі сіңген қаржыгер» орденімен марапатталды
09.09.2013
2013 жылдың 9 қыркүйегінде Қазақстанның Қаржыгерлер Қауымдастығының Кеңесінің шешімі негізінде Шалқар Жүсіпов - «KMF»-тің Басқарма Төрағасы «Еңбегі сіңген қаржыгер» құрметті орденімен марапатталды.
Бұл награда ағымдағы жылы жарияланған болатын және Шалқар Жүсіповке Қазақстанның қаржы секторын дамытуға елеулі үлес қосқаны, жоғары кәсіпқойлығы, сондай-ақ адал және мінсіз еңбегі үшін берілген.
Орденді салтанатты түрде табыс етуге Қазақстанның Микрокредиттік Ұйымдарының Қауымдастығының директоры – Анатолий Глухов және «KMF» қызметкерлері қатысты, олар да Шалқар Жүсіповті осы бір айрықша оқиғаға байланысты құттықтады.