cancel
KMF МҚҰ
KMF МҚҰ қосымшасында ашу
Жүктеу

Асқар Арқабаев

Алматы облысы Ақсу ауданындағы Ащыбұлақ ауылы тауда орналасқан. Алматы қаласында күн әлі жылы және ашық болған кездері бұл жердің шыңдарында қар жатады. Табиғаты көркем, бірақ климаты қатал жерде «Сәбетбек» шаруа қожалығының иесі Асқар Арқабаев тұрады. Бірнеше жыл бұрын әкесінен ферма мен жерді мұра еткен ол жұмысқа құлшына кірісті. Аға-інілері мен жиендерінің көмегімен өз бизнесін дамыта алды. Бүгінде шаруа қожалығының иелігінде 400 гектардан астам жер мен жалпы саны 700 бас мал бар.

Іске кіріскен алғашқы жылдары әрине қиын болды. Бидай егіп, оны тапсырып, мал, ескі тракторға арналған қосалқы бөлшектер, дизель отыны мен тағы басқасын сатып алуға жұмсалатын қаражатқа қол жеткізді. Шөп кейде сатылатын немесе бұзауларға айырбасталатын.

«Бидайдың тоннасын 4 мың теңгеге саттық. Толық КамАЗ жетсізсең – 40 мың теңге ақша табасың. Мен дизель отынын сатып аламын, болды, ақша қалмайды. Мал басы фермерлік өлшем бойынша аз болды – 25 бас сиыр мен 100-ге жуық қой. Тапқан ақша тек ең қажеттісіне ғана жететін, тіпті сол тракторды жөндеуге де ақша үнемдеуге тура келді. Несие алуға қорқатынбыз. «Егер сіз оны төлей алмасаңыз, түрмеге отырғызады» деген сыбыс болды. Бірақ, ақыр соңында ештеңеге ақша жетпегеннен кейін несие аламыз деп шештік. 

Талдықорған мен Алматыдағы банк бөлімшелеріне бардым, бірақ ол жерлерде маған несие беруден бас тартты. Сол кезде досым KMF микроқаржы ұйымы туралы айтып берді. Мен Жансүгіров ауылындағы ең жақын бөлімшеге бардым, ақыры көздеген несиемді алуға мүмкіндік туды. 2 миллион теңгелік алғашқы несиені 2017 жылы KMF-тен «Микро» бағдарламасы бойынша айналым қаражатын толықтыруға алдым. Бірінші несиеге 8 бас жылқы сатып алдық. 

Сиырларды аз алдым, негізінен өзім өсірдім және герефорд тұқымды бұқаларды алдым. Сиырларды біз өсіруге және сүт алу үшін ұстаймыз. Күніне 10 мың теңгеге шамамен 100 литр сүт береміз. Осының есебінен несие бойынша ай сайынғы төлемді өтейміз. Дизель отыны, азық-түлікке жеткілікті. Бұқашықтарды етке өткіземіз. Жылына 25-30 бас сатамыз», – дейді фермер.

Қазір Асқардың шаруашылығында 130-ға жуық ірі қара мал, 2 үйір, жалпы алғанда 60-тан астам жылқы мен 500 қой, сонымен қатар 439 гектар жер бар. Бұл тек мал жаюға ғана емес, сонымен қатар күздік дақылдарды өсіруге де жеткілікті. 

«Несие табыс табу үшін жұмыс істеуі керек»