28.03.2025
KMF банк болады! Сіздің ісіңізге мол мүмкіндік, жайлы жағдай!
Құрметті клиент!
KMF-ке сенім артқаныңыз үшін сізге алғыс айтамыз! Біз KMF-ті банкке айналдыруға рұқсат алғанымызды қуана хабарлаймыз. Бұл сіз үшін жаңа мүмкіндіктер мен қолайлы қаржылық шешімдерді дамытудың маңызды қадамы.
Уәкілетті органнан KMF-тің банкке айналуға рұқсат алуы Сіздің бұрын жасалған микрокредит шарты бойынша міндеттемелеріңіздің қолданысын өзгертпейтінін/тоқтатпайтынын хабарлаймыз.
Баяндалғанды назарға ала отырып, KMF-ті банкке айналдыру мына жоспарланған банк операциялары мен өзге де операциялар тізбесімен жүретінін хабарлаймыз:
- заңды тұлғалардың депозиттерін қабылдау, банк шоттарын ашу және жүргізу;
- жеке тұлғалардың депозиттерін қабылдау, банк шоттарын ашу және жүргізу;
- банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың корреспонденттік шоттарын ашу және жүргізу;
- осы тұлғаға тиесілі тазартылған бағалы металдар мен бағалы металдардан жасалған монеталардың нақты саны көрсетілетін жеке және заңды тұлғалардың металл шоттарын ашу және жүргізу;
- кассалық операциялар: қолма-қол ақшаны қабылдау және беру, оның ішінде майдалау, айырбастау, қайта есептеу, сұрыптау, орау және сақтауды қоса алғанда;
- аударым операциялары: жеке және заңды тұлғалардың төлемдер мен ақша аударымдары бойынша тапсырмаларын орындау;
- банктік несие операциялары: ақшалай түрде және төлемділік, мерзімділік және қайтарымдылық шарттарында несие беру;
- шетелдің қолма-қол валютасымен айырбастау операцияларын қоса алғанда, шетел валютасымен айырбастау операциялары;
- төлем құжаттарын инкассоға қабылдау (вексельдерді қоспағанда);
- аккредитивті ашу (ұсыну) және растау және ол бойынша міндеттемелерді орындау;
- ақшалай нысанда орындауды көздейтін банктік кепілдіктерді беру;
- ақшалай нысанда орындауды көздейтін үшінші тұлғалар үшін банк кепілгерліктерін және өзге де міндеттемелерді беру.
KMF өзінің клиенттері мен миссиясына адалдығынан айнымай өзгеру үстінде! Біз сіздің ісіңізге мол мүмкіндік бере отырып, алға бірге қадам басуды жалғастырамыз.
KMF – ісіңізге ізгі махаббатпен!