20.05.2024 жыл - 22.07.2024 жыл аралығында
KMF филиалдар желісі.
Топта алынған KMF-Бизнес және KMF-Агро бағыттары бойынша барлық қолданыстағы өнімдер.
(сондай-ақ, көрсетілген бағыттар бойынша Даму Микро және Жасыл қаржыландыру бағдарламалары бойынша алынған микрокредиттер)
Науқанға қатысу үшін:
1. Науқан кезеңінде кемі екі адамнан тұратын топ құру және қатысушылары 500 000 теңгеден кем емес сомаға микрокредит рәсімдеп, алуы тиіс. Жүлделердің ұтыс ойынына 500 000 теңгеден кем емес сомаға микрокредит рәсімдеп, алған топ мүшесі ғана қатысады.
2. Науқан кезеңінде бұрыннан бар топқа бір және одан да көп жаңа қатысушы әкелу қажет және қатысушылар 500 000 теңгеден кем емес сомаға микрокредит рәсімдеп, алуы тиіс. Топ мүшелерінің саны 2 адамнан аз болмауы керек. Жүлделердің ұтыс ойынына 500 000 теңгеден кем емес сомаға микрокредит рәсімдеп, алған топ мүшесі ғана қатысады.
Науқан қатысушылары болып табылмайды және қатыса алмайды:
1. ҚР бейрезиденттері (сұралған микрокредит мерзімімен асатын уақытқа ҚР-да тұруға ықтиярхаты бар клиенттер кірмейді);
2. KMF қызметкерлері;
3. Науқан кезеңінде рәсімделген микрокредит бойынша төлемді 5 күннен асыра кешіктіргендер;
4. Белсенді микрокредитін 12.06.2024 жылға дейін мерзімінен бұрын толық жапқандар;
5. Қатысушыларының саны 2 адамнан аз топтар;
6. Науқан кезеңінде 500 000 теңгеден аз сомаға микрокредит рәсімдегендер;
7. Науқан кезеңінде 500 000 теңгеден жоғары сомаға микрокредит рәсімдемеген топ мүшесі.
Жеңімпаздар қалай анықталады
Жеңімпаздар ұтыс ойыны өтетін күні топтың әр мүшесіне берілетін жеке нөмірлер арқылы анықталады. Жеңімпаздарды кездейсоқ сандар генераторы анықтайды.
Ұтыс ойыны онлайн режимде Instagram желісіндегі @kmf_kz парақшасында өтеді. 12.06.2024 жылы өтетін ұтыс ойында нотариус міндетті түрде болады.
Ерекше шарттар
Егер анықталған жеңімпаз ұтыс аяқталғаннан кейін 24 сағат ішінде KMF менеджерлерімен байланысқа шықпаса, конкурсты ұйымдастырушылар жеңімпазды анықтау процесін қайта ойнатуға құқылы.
Ұтыс клиентке тапсыру актісіне міндетті түрде қол қою арқылы беріледі.
Науқанды өткізу кезеңінде ұйымдастырушы осы Ережелерге біржақты тәртіппен өзгерістер енгізуге құқылы.
Осы Ережеге өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізілген жағдайда Ұйымдастырушы @kmf_kz Instagram аккаунтына Енгізілген өзгерістер туралы ақпаратты таратады.
Жеке табыс салығын KMF төлейді.