|
KMF командасы – пікірлес, мақсатты, талантты және қуатты қызметкерлер ұжымы болып табылады. Құрылған күннен бастап, біздің мекемеде корпоративтік мәдениетті дамытуға көп көңіл бөлінеді, өйткені қызметкерлер KMF компаниясының басты игілігі болып табылады. Тиімді кадрлар саясатының арқасында әрбір қызметкер біздің Қазақстан Республикасының бірінші шағын қаржылық банкі болу мақсаты жолында біріктірілген.
Біз қызметкерлерді оқытуға көп көңіл бөлеміз. Одан басқа, KMF-да негізгі орындарға Резервті Оқыту Бағдарламасы әрекет етеді. Бағдарлама лауазымдарында үздік көрсеткіштер, көшбасшылық қабілеттерін және басқару қызметіне бейімдігін көрсете білген жас, болашағынан үміт күттіретін қызметкерлер қатарынан резерв қалыптастырады.
KMF қызметкерлері KMF-дан құнды білім, бай тәжірибе жинақтайтындығына сенімді. Бұл ретте, әрбір қызметкер қабілеттерін, таланты мен еңбексүйгіштігін көрсете білген жағдайда мансабын өсіру, сонымен қатар өзінің әлеуеті мен мақсаттарын жүзеге асыру мүмкіндігінің барлығын біледі.
|