KMF клиенттерінің табысқа жетуі жөнінде өмірден алынған оқиғалар
«KazMicroFinance» микрокредиттік ұйымының клиенттері – түрлі адамдар, олардың әрқайсысы өз өмірлік тәжірибесімен және білімімен қайталанбас бірегей тұлға. Кезінде олар KMF көмек сұрап келді және қателеспеді де.
Осындай бірнеше адам өмірлерінің қалай өзгергендігін әңгімелеп берді, олардың қайталанбас әңгімелері өте қызық.
Джумахадир Байтасов, Астана қ.: «Ешқандай мамандығым жоқ, әскерден кейін фабрикаға жүргізуші болып орналастым, сол жерде болашақ жарыммен таныстым. Қазақстанда туылдым, бірақ белгілі себептерге байланысты Қырғызстанда тұрдым, 1992 жылы отбасыммен Ресейдегі Хабаровск қаласына көштім, осында әйелімнің апасының көмегімен базарға әйелдер киімін сатуға шықтық. Екі жылдан соң біраз капитал жинақтап, өзіміздің сауда орнымызды ашатындай мүмкіндікке ие болдық.2008 жылы өз отанымызға, яғни Астанаға көшіп келдік...
Есенкүл Құрынбаева, Тараз қ.: «Мен 13 жыл бойы әйелдер халатын тігумен айналысамын. Өзім тігемін, қыздарым көмектеседі, бір бөлігін Бішкек қаласынан дайын тауар күйінде әкелемін. Тігу үшін үйде арнайы бөлме, шағын цех,4 тігін машинасы бар. Біздің отбасылық бизнестің арқасында екі ұлыма, екі қызыма білім бердім, қыздарымды құтты орнына қондырдым. KMF‑ке дейін біз айына 50-60 халат қана тігетінбіз, ал қазіргі уақытта сіздердің тұрақты қаржылық көмектеріңіздің арқасында менің тауар айналымым айына 200 халаттан асады...
Күнсұлу Садықова, Түркістан қ.: «Біздің ауылда жер мен мал шаруашылығы – ақша табудың жалғыз жолы. Күйеуім қайтыс болғаннан кейін 5 баламен қалып, оның ісін әріқарай жалғастыруыма тура келді. Қолда бар 4,5 га жерде өткен жылы қарбыз өсірдім, биылғы жылы 3,5 га мақта отырғызып, қалған жерге қарбыз ектім. Ал келесі жылға көбірек мақта өсіру үшін жалға қосымша жер алмақпын.
Марченко Галина, Талдықорған қ.: «Мен 1994 жылдан бері бизнеспен айналысамын. Алматы сауда техникумын бітіргеннен кейін өмір бойы дүкенде жұмыс істедім. Аға сатушылықтан универмаг директорына дейін көтерілдім. Кеңес Үкіметі тарады, өзім үшін жұмыс істеуге тура келді. Алғаш тамақ өнімдерінен бастап, кейін әйелдер тауарларын сатумен айналысуды дұрыс деп шештім. 2001 жылы сауда орталығынан бөлім ашып, киім сатумен айналыса бастадым. Достарымнан қарыз алып, Бішкектен алғашқы тауарымды алып келіп, оны тез арада өткізіп, келесі партияға бардым...
KMF клиенттерінің өмірден алынған оқиғалар
1 - 4 из 18
Начало | Пред. |
12345
|
След. |
Конец