|
Бүл жерде сіз біздің сайтқа келушілірдін сұрақтарымен таныса аласыз, сондай-ақ өзіңіздің сұрақтарыңызды қоя аласыз.
|
|
|
| АЙДАРҒА ҚОЙЫЛАТЫН СҰРАҚТАР |
|
|
ЖАЛПЫ СҰРАҚТАР
|
|
|
ТОПТЫҚ НЕСИЕЛЕНДІРУ
|
|
|
ЖЕКЕЛЕЙ НЕСИЕЛЕНДІРУ
|
|
|
|
|
АЙДАРҒА ҚОЙЫЛАТЫН СҰРАҚТАР
|
| |
| Сұрақ: |
Несие кепілсіз беріле ме? Егер берілсе, кепілсіз несиені қандай сомаға рәсімдеуге болады? Рустемова Наргиз Адылжановна
|
| Жауап: |
Қайырлы күн. Наргиз Адылжановна! Иә, біз кепілсіз несие береміз. Кепілсіз несиелендіру топта іске асырылуы мүмкін. Топтық несиелендірудің мән-жайы мынада: бірдей не болмаса түрлі кіріс көздері (бизнес, жалақы, агро) бар және несиені алғысы келетін бірнеше адам бірігеді. Топта 3 адамнан 10 адамға дейін болуы мүмкін. Несие сомасы алғаш рет 150 000 теңгеден артық болмайды. Бұдан әрі, несиені өтеп, заемшы келесі соманы алады – енді 250 000 теңгеге дейін. Кепіл ретінде топтың кепілдігі болып табылады, сондықтан топтың барлық мүшелерін жақсы білген жөн.
Егер Сізді үлкен сомалар қызықтырса, Сіз жеке бағдарлама бойынша 10 млн.теңгеге дейін несие ала аласыз. Оның сомасы, мерзімі, пайыздық мөлшерлемесі Сіздің кіріс көзіңізге және Сіздің төлей алу қабілетіңізге байланысты болады. Кепілмен қамтамасыз ету ретінде Сіз кепілдікті, айналымдағы тауарларды, малды, жылжымалы мүлікті, аралас кепілді, автомобильді, жылжымайтын мүлікті және т.б. ұсына аласыз. 2 млн. теңгеден артық сомаларға кепілмен қамсыздандыру жылжымайтын мүлік немесе жылжымайтын мүлікпен комбинация болуы тиіс.
Сізге біздің офисімізге келудің қажеті де жоқ – біздің қызметкеріміз Сіздің жұмыс орныңызға тегін барады. Мерзімінен бұрын, ішінара өтеу айыппұл санкцияларынсыз жасалады. Сізбен ынтымақтасып жұмыс істеуге қуанышты боламыз. Барлық туындайтын мәселелер бойынша Сіз жақын арадағы KMF филиалына хабарласа аласыз. Біздің филиалдарымыздың байланыс деректерін мына жерден көруге болады. («Филиалдық желі» бөліміне сілтеме)
|
| |
| Сұрақ: |
Маған 600 000 теңге мөлшерінде сома қажет, несиені кепілсіз алғым келіп еді. Мен 24 айдың ішінде қанша төлейтіндігімді есептеп бересіз бе? Рахмет.
|
| Жауап: |
Қайырлы күн! Несие сомасы 600 000 теңге 24 айға берілген ай сайынғы өтеу сомасы 39 000 теңге құрайды. Бұл есеп болжамды пайыздық мөлшерлеме бойынша жасалды, әрі ол кепілмен қамсыздандыруға байланысты болады. KMF-те мұндай сома кепілмен қамсыздандырусыз берілмейді. KMF-тегі барлық жеке бағдарламалар кепілмен болып табылады.
Сау болып тұрыңыз. Сауалдарыңызға жауап беруге әрдайым қуанышты боламыз.
|
| |
| Сұрақ: |
Несиені жеке куәлік емес, төлқұжат бойынша алуға бола ма?
|
| Жауап: |
«Микронесиелерді беру жөніндегі басшылыққа» сай «KMF» МКҰ-нан несиені Сіз жеке куәлік бойынша, сол сияқты төлқұжат бойынша да ала аласыз.
|
| |
| Сұрақ: |
Жазда Астанада демалыста боламын. Несиені Астанадан өтей аламын ба?
|
| Жауап: |
Несиені «KMF» МКҰ-ның кез келген филиалынан өтеуге болады. Өтеген кезде қолыңызда жеке куәлік және өтеу кестесі болуы қажет.
|
| |
|
ЖАЛПЫ СҰРАҚТАР
|
|
|
|
|
Сұрақ:
|
KMF-ден кредитті қай валютада алуға болады?
|
|
Жауап:
|
Барлық кредиттерді KMF тек теңгемен береді.
|
|
|
|
|
Сұрақ:
|
Сіздер зейнеткерлерге кредит бересіздер ме?
|
|
Жауап:
|
Тұрақты табысы бар зейнеткерлер KMF заем алушылары бола алады.
|
|
|
|
|
Сұрақ:
|
Кредитті рәсімдеу қай жерде өтеді?
|
|
Жауап:
|
Кредиттерді рәсімдеу клиенттің жұмыс орнында жүзеге асырылады, ол үшін офиске келіп қажеті жоқ.
|
|
|
|
|
Сұрақ:
|
Кредитті мерзімінен бұрын өтеуге бола ма? Қандай да бір айыппұлдар салына ма?
|
|
Жауап:
|
Микрокредитті ішінара немесе толық мерзімінен бұрын өтеу айыппұл санкцияларынсыз жүзеге асырылады.
|
|
|
|
|
Сұрақ:
|
Кредитті қандай мақсаттарға алуға болады?
|
|
Жауап:
|
Кредиттерді көпмақсатты, үйлестіріп пайдалану қарастырылған:
§ Бизнесті дамыту (сауда, өндіріс, қызметтер);
§ Жылжымайтын мүлікті сатып алу, құрылыс, жөндеу және қайта жасау (тұрғын үйлік және коммерциялық);
§ Көлік құралдарын сатып алу (жеке пайдалану және коммерциялық мақсаттарда);
§ а/ш қажеттіліктері (мал шаруашылығында: ірі және ұсақ мал сатып алу және оларды бордақылау, шошқа бағу, сүт және сүт өнімдерін өндіру, құс сатып алу және өсіру, шөп-жем дайындау және сатып алу, ара өсіру, балық өсіру; шабындық жүргізуде: ауылшаруашылық дақыл үрлерін өсіру, тұқым және органикалық тыңайтқыштарды сатып алу, жер өңдеу бойынша қызметтерді төлеу, шаруашылықта пайдалану үшін мүкаммал сатып алу, теплица және парниктерге арналған жабдықтама, құрал-сайман және материалдарды сатып алу, көкөніс өсіру, бақша өсіру)
§ тұтынушылық мақсаттарда: оқу, емдеу, жөндеу, медициналық қызметтер, жиһаз, тұрмыстық техника және басқасын сатып алу;
§ салтанатты шараларды өткізу үшін.
|
|
|
|
|
Сұрақ:
|
Сіздердің бөлімшелеріңіз қайда орналасқан?
|
|
Жауап:
|
Мекенжайлары мен телефондары көрсетілген KMF филиалдары мен бөлемшелерінің толық тізімін тиісті бөлімнен таба аласыз
|
|
|
|
|
Сұрақ:
|
Кепілдік дегеніміз не?
|
|
Жауап:
|
Кепілдік ретінде Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес міндеттемелерді орындауды қамтамасыз ету әдісі түсініледі, ол кезде кепілгер басқа тұлғаның (борышордың) кредиторының алдында осы тұлғаның міндеттемелерді толығымен орындауы үшін борышқормен бірге жауап беруге міндеттенеді. Кепілдікті бірлесіп берген тұлғалар кредитордың алдында бірлесіп жауап береді, яғни кредиттің барлық сомасы бойынша толығымен.
|
|
|
|
|
Сұрақ:
|
Кім кепілгер бола алады?
|
|
Жауап:
|
Кепілгер ретінде дұрыс кредиттік тарихы бар және KMF алдында өзінің міндеттемелері бойынша да, кепілдік бойынша да төлемге қабілетті болатын KMF қарыз алушысы бола алады. Бұл белсенді қарыз алушылар, шығып қалған немесе белсенді емес қарыз алушылар да болуы мүмкін.
|
|
|
|
|
ТОПТЫҚ НЕСИЕЛЕНДІРУ
|
|
|
|
|
Сұрақ:
|
Топтық кредиттеу дегеніміз не?
|
|
Жауап:
|
Топ – бұл 3-10 адамнан тұратын кіші-гірім ұжым. Кредиттеудің топтық моделіне сәйкес кәсіпкерлер, тұрақты жұмысқа және табыс көзіне ие бір-біріне сенетін азаматтар 3-тен 10 адамға дейін тұратын топқа бірігеді және кепілсіз кредитті ала алады. Топтық кредиттеу бағдарламасы туралы толығырақ мына жерден оқыңыз.
|
|
|
|
|
Сұрақ:
|
Кепілге не қою керек?
|
|
Жауап:
|
Топтық кредиттеу кепілсіз, яғни кепіл ретінде топтың бірлескен жауапкершілігі қызмет етеді.
|
|
|
|
|
Сұрақ:
|
Топпен кредит алу үшін қандай құжаттар керек?
|
|
Жауап:
|
-
Жеке басты куәландыратын құжат. Жеке басты куәландыратын құжаттар келесілер болып табылады: ҚР азаматының төлқұжаты немесе жеке куәлігі; тұруға ықтиярлық хат; азаматтығы жоқ тұлғаның куәлігі.
-
Салық төлеушінің куәлігі.
-
Тұрғылықты жерді (тіркеуді) растайтын құжат.
-
3х4 көлемдегі түрлі-түсті құжаттық сурет.
-
БКБ-ге МЗТО-на сұрау салуға келісім.
|
|
|
|
|
Сұрақ:
|
Егер бизнесті жүргізу тәжірибесі жарты жыл болса, топпен бірге кредит алуға бола ма?
|
|
Жауап:
|
Топтың қалған мүшелері жарты жылдан асатын бизнесті жүргізу тәжірибесіне ие болу шартымен, топта алты айдан аз бизнесті жүргізу тәжірибесі бар бір қарыз алушының болуына рұқсат беріледі.
|
|
|
|
|
Сұрақ:
|
Бір топта жақын туыстарға кредит алуға бола ма?
|
|
Жауап:
|
Туыстардың бір-бірінен жеке тұруы және әрқайсысында өзінің жеке бизнесі немесе табысы болуы шартымен бір жанұяның мүшелерінің немесе жақын туыстардың бір топта кредит алуына рұқсат беріледі.
|
|
|
|
|
Сұрақ:
|
Топтық кредиттеу кезінде бірінші рет барынша көп қанша соманы алуға болады?
|
|
Жауап:
|
Бірінші сома – 150 000 теңгеге дейін, ары қарай дұрыс кредиттік тарих болған жағдайда соманы 750 000 теңгеге дейін көтерудің табалдырықты жүйесі әрекет етеді.
|
|
|
|
|
Сұрақ:
|
Топтық кредитті беру үшін қандай алымдар, комиссиялар қарастырылған?
|
|
Жауап:
|
Комиссиялық алым 2%.
|
|
|
|
|
|
|
|
ЖЕКЕЛЕЙ НЕСИЕЛЕНДІРУ
|
|
|
|
|
Сұрақ:
|
KMF-те бастапқы бизнеске кредиттер беріле ме?
|
|
Жауап:
|
Кредиттер бастапқы бизнеске де берілуі мүмкін. Бастапқы бизнесті кредиттеу кезінде клиенттер жаңа сауда нүктелерін ашуға, бизнестің жаңа түрін ұйымдастыруға кредит ала алады, бірақ қолданыстағы бизнестің бар болуы шартымен. Бизнеске кредиттер туралы толығырақ мына жерден оқыңыз. (бизнес үшін арналған кредиттерге сілтеме)
|
|
|
|
|
Сұрақ:
|
Ауылдың тұрғындарына жеке кредит алуға бола ма?
|
|
Жауап:
|
Иә, табыс көзі ретінде жеке шаруашылығы, немесе шаруа қожалығы (фермерлік) шаруашылық (ауыл шаруашылық өнімдерін өсіру, шошқа бағу, сату және пайда табу мақсатымен ірі және ұсақ малдарды және құстарды өсіру) қызмет ететін жеке тұлғалар қарыз алушылар ретінде бола алады. Ауылдың тұрғындары үшін жеке кредиттер туралы мына жерден оқыңыз.
|
|
|
|
|
Сұрақ:
|
Коммерциялық мақсаттар үшін жылжымайтын мүлікті сатып алу үшін кредит алуға бола ма?
|
|
Жауап:
|
Иә, болады, бірақ бұл кезде қарыз алушы өзінің қаражаттарынан KMF бағалауына сәйкес сатушыға сатып алынатын объектінің құнының 30%-дан кем емесін төлеуі керек. Коммерциялық мақсаттар үшін коммерциялық жылжымайтын мүлікті сатып алу жағдайында, қамтамасыз ету ретінде сатып алынатын жылжымайтын мүлік қабылдануы мүмкін. Коммерциялық жылжымайтын мүлікті сатып алу туралы толығырақ мына жерден оқыңыз.
|
|
|
|
|
Сұрақ:
|
Жеке кредиттің барынша көп мерзімі қанша?
|
|
Жауап:
|
Жеке кредиттің барынша көп мерзімі - 60 ай.
|
|
|
|
|
Сұрақ:
|
Кепілге жер учаскесін қоюға бола ма?
|
|
Жауап:
|
Жеке меншік құқығында немесе жалға алу түрінде жерді уақытша ұзақ уақыт пайдалану құқығында кепіл берушіге жататын жер учаскесі кепіл заты ретінде бола алады.
|
|
|
|
|
Сұрақ:
|
Кепілге оң жақта орналасқан рульмен басқарылатын автомобиль қабылдана ма?
|
|
Жауап:
|
Жоқ. Кепілдік қамтамасыз етуге талап – сол жақта орналасқан рульмен басқарылатын автокөлік.
|
|
|
|
|
Сұрақ:
|
Жеке кредиттеу кезінде жеңілдік кезеңі қарастырыла ма?
|
|
Жауап:
|
Қарыз алушы ай сайын тек пайыздарды, яғни кредит бойынша сыйақыны өтеген кезде, жеңілдік кезеңін орнату мүмкіндігі қарастырылады. Жеңілдік кезеңі дұрыс кредиттік тарихы бар қарыз алушылар үшін филиалдың Кредиттік комитетінің шешімі бойынша орнатылады.
|
|
|
|
|
Сұрақ:
|
Сіздерде сатулардың маусымдық кезеңдері үшін қандай да бір кредиттер бар ма?
|
|
Жауап:
|
Дұрыс атаққа және кредиттік тарихқа ие қарыз алушылар үшін сатулардың маусымдық кезеңінде айналымдық капиталды толықтыру мүмкіндігі – «Сезон» кредиттік өнімі бар.
|
|
| |
| |
| | |