Бүл жерде сіз біздің сайтқа келушілірдін сұрақтарымен  таныса аласыз, сондай-ақ  өзіңіздің сұрақтарыңызды қоя аласыз.

  

ЖАЛПЫ СҰРАҚТАР

ТОПТЫҚ НЕСИЕЛЕНДІРУ

ЖЕКЕЛЕЙ НЕСИЕЛЕНДІРУ


 

ЖАЛПЫ СҰРАҚТАР


Егер мен зейнеткер болсам, сіздерден микрокредит ресімдей алам ба?

Ия, егер сіз топта тұратын болсаңыз. Яғни біздің микрокредиттік ұйымымызда тұрақты табысы бар зейнеткерлер кепілсіз несие ала алатын топтық несиелеу мүмкін. Көп дәрежеде бұл қосымша бизнеспен айналысатын зейнеткерлік жастағы адамдарға қатысты.

 

Несиені ресімдеуге өткізілетін өтінімдерді қарастыру мерзімі ұзақ,  мерзімді қысқарту күтулуде ме?

Қазіргі таңда жаңа клиенттер үшін өтінімдерді қарастырудың ең ұзақ мерзімі 3 күнді құрайды. Егер Сізге қызмет көрсетілетін филиалда несие беру мерзімін созатын болса, Сіз Бас офистің телефон нөміріне 8 (727) 2 506 877  қоңырау шала аласыз немесе Филиал Директорына жолығыңыз.

Қайталанған несиеге өтінім беруші клиенттер келесі несиені алдынғы несиенің соңғы өтеу күнінде ала алады.

Қазіргі кезде клиенттерге қызмет көрсету стандарттарын жақсарту бағдарламасының шеңберінде клиенттер өтінімдерін қарастырудың мерзімі 1 күннен басталатын (клиенттің табыс көзіне байланысты) жаңа тәртіп бекітілу кезеңінде.

 

Сіздерге қайталап өтінім беру жағдайында тізімдемені толтыру міндетті ме және одан құтылу мүмкін бе?

Өкінішке орай, бұл - екі жаққа да қажетті рәсім. Біз клиенттерге тура жұмыс орнында қызмет көрсетеміз, және көп жағдайларда бизнесті жургізуді растайтын ешқандай құжаттар талап етпейміз.  Тізімдеме – бұл біз үшін сіздің бизнесіңіз бойынша алынған мәліметтердің растығын бағалау үшін қажет аса маңызды ақпарат.

 

Қандай уақыттан кейін мерзімінен бұрын өтеу мүмкін болады?  Қандай да бір айыппұлдар салына ма?

KMF-те микрокредитті ішінара және толық мерзімнен бұрын өтеу ешқандай да айыппұлсыз жүргізіледі. Сондықтан сіз өзіңізге ыңғайлы уақытта ешқандай қосымша шығынсыз мерзімнен бұрын өтеу істей аласыз. Бірақ клиентке өтінімді толтырған кезде үйлесімді несие мерзімін таңдағаны қолайлырақ болады.

 

Менің қолымда уақытша жеке басты куәлігім бар, және жақында егін жұмыстары басталады, мен куәліктің түпнұсқасын алмай тұра, несие ала алам ба?

Қазақстан Республикасында жеке тұлғаны куәландыратын негізгі құжаттар болып табылатын:

1. Қазақстан Республикасының азаматының төлқұжаты;

2. жеке басты куәлік;

3. Қазақстан Республикасында шетел азаматының мекендеу қағазы;

4. азаматтығы жоқ тұлға куәлігі.

Қалған құжаттар бойынша, соның ішінде уақытша куәлік бойынша, азаматтық-құқықтық келісімдер жасауға ҚР Заңнамасымен тыйым салынады

 .

Маған 2 500 000 миллион теңге мөлшерінде несие қажет. Мен Қарағанды облысы Шахтинск қ-да музыкалық аспаптар дүкенін ашқым келеді. Қандай құжаттар жинауым керек және бір затты кепілдікке қою қажет пе?

Біз кепілдіксіз несие бере аламыз, бірақ көп емес сомаға.Сіздің сомаңыз бұл лимитке кірмейді. Бізден несие (сомаға тәуелсіз)  ресімдеуіңіз үшін сізде тұрақты табыс көзі болуы тиіс. Ол анықтамалармен расталған жалақыңыздан немесе жүріп тұрған бизнесіңізден түскен табыс бола алады. Яғни, бізден несие алу үшін ең маңызды себепші болып - кепілзаттық қамтамасыз ету емес, табыстың болуы.

Жекеменшік үй, пәтер кепілдік заты бола алады.  Осы жылжымайтын мүліктің иесі (не Сіз, не үшінші тұлға) кепіл беруші болуы тиіс.

 

Айтыңызшы, егер мен Павлодар облысы Ақсу қаласында тұрсам, Павлодар қ-ғы филиалдарыңызда несие ресімдей алам ба?

Әрине, Сіз Ақсу қ-ғы филиалға (Павлодар қ. филиалдың бөлімшесі) жолыға аласыз. Өтініміңізді қанағаттандыруды мақұлдау немесе бас тарту бойынша ақтық шешімі Сіздің төлем қабілеттілігіңізге байланысты болады.

Ол үшін сіздің жұмыс (бизнес) орныңызға біздің несиелеудің барлық шарттарын түсіндіруге және сіздің төлем қабілеттілігіңізді тексеруге несиелік сарапшылар келеді.

 

Мен сіздердің ұйымыңызда 4 жылдай несие алып келемін.  Келесі несиені мамыр айында аламын. Тұрақты клиенттерге пайыз бойынша қандай да жеңілдіктер бар ма?

Біз ұзақ мерзімді ынтымақтастықты бағалаймыз және мақтан тұтамыз. Біздің құрмет және сенім белгісі ретінде 3 жылдан астам несие алған клиенттер «KMF»  МКҰ-нда енді төменірек пайыздық мөлшерлемемен несие ала алады.

несие алу өтілі 3 жылдан 5 жылға (қоса) дейін – жүріп жатқан сыйақы мөлшерлемесіне қарағанда 1%-ға төмендейді;

несие алу өтілі 5 жылдан 7 жылға (қоса) дейін – жүріп жатқан сыйақы мөлшерлемесіне қарағанда 2%-ға төмендейді;

несие алу өтілі 7 жылдан 9 жылға (қоса) дейін – жүріп жатқан сыйақы мөлшерлемесіне қарағанда 3%-ға төмендейді;

несие алу өтілі 9 жылдан 11 жылға (қоса) дейін – жүріп жатқан сыйақы мөлшерлемесіне қарағанда 4%-ға төмендейді;

несие алу өтілі 11 жылдан жоғары – жүріп жатқан сыйақы мөлшерлемесіне қарағанда 5%-ға төмендейді.

 

Маған 200 000 теңге несие сомасы қажет. Алайда мен бұл несиені құрылыс жұмыстарына алып жатқандықтан маған барлық соманың бәрі бірден керек емес. Несиені бір рет ресімдеп, кейін оны шағын сомамен айына 300 000 теңгеден бөліп алу мүмкіндігім бар ма?

Ия, Сіз мұндай несиені несие желісінің шеңберінде ала аласыз.

Қарыз алушыға несие желісінің бір мәртелік келісім-шартқа қарағанда өз артықшылықтары бар – бұл қаржыны кажет кезде алу арқасында қаражатты үнемдеу, және әр жеке  несиелік келісім-шарттың қорытындысына байланысты үстеме шығысты және уақытты үнемдеу мүмкіндігі.

KMF-те жаңартылмалы және жаңартылмайтын несие желісінің екі түрі болады.

Жаңартылмалы желісі – қарыз лимиті бар несие желісі, бұл желіде негізгі соманы өтеу есебімен бірнеше рет қаражатты алу және қолдану мүмкін.

Жаңартылмайтын желісі – бекітілген лимит шеңберінде берілетін лимиті бар несие желісі.

 

Несие бойынша калькулятор санаған айлық өтеуге қарағанда одан көбірек төлесе бола ма, және бұл пайызға қалай әсер етеді?

Барлығынан бұрын, KMF-те мерзімінен бұрын микрокредитті толық немесе бөлшектеп өтеу ешқандай айыппұлдық санкцияларсыз жүргізілетінін атап айтқым келеді. Әрине бұл клиент үшін пайыз бойынша салмақты үнемдеуді құрайды.

Егер несие беруге дейін Сіз өзіңіздің өтеу кестесі бойынша көрсетілгеннен көп төлей алатыныңызды білсеңіз, онда несие мамандары сізге несиенің аз мерзімі көрсетілген басқа өтеу кестесін ұсынады. Егер бізден несие алып қойған болсаңыз, бірақ бар өтеу кестесі бойынша көбірек төлегіңіз келсе, онда Сізде несиелеу шарттарын қайтадан қарауға мүмкіндігіңіз болады, бұл барлық қалған несие мерзіміне немесе кесте үстінен бір мәртелік өтеу болуы мүмкін.

 

Несиені жеке куәлік емес, төлқұжат бойынша алуға бола ма?

«Микрокредиттерді беру жөніндегі басшылыққа» сай «KMF» МКҰ-нан несиені Сіз жеке куәлік бойынша, сол сияқты төлқұжат бойынша да ала аласыз.

 

Жазда Астанада демалыста боламын. Несиені Астанадан өтей аламын ба?

Несиені «KMF» МКҰ-ның кез келген филиалынан өтеуге болады. Өтеген кезде қолыңызда жеке куәлік және өтеу кестесі болуы қажет.

 

KMF-ден несиені қай валютада алуға болады?

Барлық несиелерді  KMF тек теңгемен береді.

Несиені рәсімдеу қай жерде өтеді?

Несиелерді рәсімдеу клиенттің жұмыс орнында жүзеге асырылады, ол үшін офиске келудің қажеті жоқ.

 

Несиені қандай мақсаттарға алуға болады?

Несиелерді көпмақсатты, үйлестіріп пайдалану қарастырылған:

- Бизнесті дамыту (сауда, өндіріс, қызметтер);

- Жылжымайтын мүлікті сатып алу, құрылыс, жөндеу және қайта жасау (тұрғын үйлік және коммерциялық);

- Көлік құралдарын сатып алу (жеке пайдалану және коммерциялық мақсаттарда);

- а/ш қажеттіліктері (мал шаруашылығында: ірі және ұсақ мал сатып алу және оларды бордақылау, шошқа бағу, сүт және сүт өнімдерін өндіру, құс сатып алу және өсіру, шөп-жем дайындау және сатып алу, ара өсіру, балық өсіру; шабындық жүргізуде: ауылшаруашылық дақыл үрлерін өсіру, тұқым және органикалық тыңайтқыштарды сатып алу, жер өңдеу бойынша қызметтерді төлеу, шаруашылықта пайдалану үшін мүкаммал сатып алу, теплица және парниктерге арналған жабдықтама, құрал-сайман және материалдарды сатып алу, көкөніс өсіру, бақша өсіру)

- тұтынушылық мақсаттарда: оқу, емдеу, жөндеу, медициналық қызметтер, жиһаз, тұрмыстық техника және басқасын сатып алу;

- салтанатты шараларды өткізу үшін.

 

Сіздердің бөлімшелеріңіз қайда орналасқан?

Мекенжайлары мен телефондары көрсетілген KMF филиалдары мен бөлемшелерінің толық тізімін тиісті бөлімнен таба аласыз

Сіздерде сатулардың маусымдық кезеңдері үшін қандай да бір несиелер бар ма?

Дұрыс атаққа және несиелік тарихқа ие қарыз алушылар үшін сатулардың маусымдық кезеңінде айналымдық капиталды толықтыру мүмкіндігі – «Сезон» несиелік өнімі бар.

 

Кепілдік дегеніміз не?

Кепілдік ретінде Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес міндеттемелерді орындауды қамтамасыз ету әдісі түсініледі,

 

Кім кепілгер бола алады?

Кепілгер ретінде дұрыс несиелік тарихы бар және KMF алдында өзінің міндеттемелері бойынша да, кепілдік бойынша да төлемге қабілетті болатын KMF қарыз алушысы бола алады. Бұл белсенді қарыз алушылар, шығып қалған немесе белсенді емес қарыз алушылар да болуы мүмкін.

KMF-те бастапқы бизнеске несиелер беріле ме?

Несиелер бастапқы қосымша  бизнеске де берілуі мүмкін,олардың ішінде жаңа сауда нүктелерін ашуға, бизнестің жаңа түрін ұйымдастыруға несие ала алады, бірақ қолданыстағы бизнестің бар болуы шартымен. (сілтеме)

 

Топтық несиелеу


Топтық несиелеу дегеніміз не?

Топ – бұл 3-10 адамнан тұратын кішігірім ұжым. Несиелеудің топтық моделіне сәйкес кәсіпкерлер, тұрақты жұмысқа және табыс көзіне ие бір-біріне сенетін азаматтар 3-тен 10 адамға дейін тұратын топқа бірігеді және кепілсіз несиені ала алады. Топтық несиелеу бағдарламасы туралы толығырақ мына жерден оқыңыз.      Сондай-ақ, KMF-те «ДОС» өнімі бар – бұл топ 2 адамнан тұрады. Алғаш несие сомасы 150 000 теңгеге дейін. Егер «ДОС» өніміндегі топ мүшелері жоғары несие сомасын алғылары келсе, онда олар өз топтарын жаңа топ мүшелерімен   (3 адамнан 10 адамға дейін) толтырып, несиелеудің сәйкес шарттарымен «ДОСТАР» өніміне көшулеріне болады.

 

Кепілге не қою керек?

Топтық несиелеу кепілсіз, яғни кепіл ретінде топтың бірлескен жауапкершілігі қызмет етеді.

 

Топпен несие алу үшін қандай құжаттар керек?

- Жеке басты куәландыратын құжат.

- Салық төлеушінің куәлігі.

- Тұрғылықты жерді (тіркеуді) растайтын құжат.

- 3х4 көлемдегі түрлі-түсті құжаттық сурет.

 

Егер бизнесті жүргізу тәжірибесі жарты жыл болса, топпен бірге несие алуға бола ма?

Топтың қалған мүшелері жарты жылдан асатын бизнесті жүргізу тәжірибесіне ие болу шартымен, топта алты айдан аз бизнесті жүргізу тәжірибесі бар бір қарыз алушының болуына рұқсат беріледі.

 

Бір топта жақын туыстарға несие алуға бола ма?

Туыстардың бір-бірінен жеке тұруы және әрқайсысында өзінің жеке бизнесі немесе табысы болуы шартымен бір жанұяның мүшелерінің немесе жақын туыстардың бір топта несие алуына рұқсат беріледі.

Топтық несиелеу кезінде бірінші рет барынша көп қанша соманы алуға болады?

Бірінші сома – 250 000 теңгеге дейін, ары қарай дұрыс несиелік тарих болған жағдайда соманы 1 000 000 теңгеге дейін көтерудің табалдырықты жүйесі әрекет етеді.

 

Топтық несиені беру үшін қандай алымдар, комиссиялар қарастырылған?

Несие мерзіміне байланысты комиссиялық алым - 1-2%

 

2011 жылы бірінші несиенің сомасы 750 000 теңгеге дейін көбеюі күтулуде ме?

Біздің тәжірибеміз мәлім соманың (250 000 теңгеге дейін) клиенттерімізге үйлесімді екенін көрсетеді, және алғаш кепілсіз несие алып тұрған клиенттің несиелік тарихының қалыптасуына және бейімделуіне жақсы ынталандыру ретінде қызмет көрсетеді. Біз микрокредиттік ұйым болғандықтан микрокредиттер ғана береміз. Егер Сізге үлкен сома керек болса, онда банкке жолыққан жөн.

 

Несие ресімдеу  кезінде жас шамасы бойынша шектеулер бар ма, және сіздерде кепілсіз несиелер қарастырылған ба?

Шектеулер бар – қарыз алушының жас шамасы кемінде 19 жас, және ол әрекетке қабілетті болуы тиіс. Жоғары жас шамасы бойынша біздің компаниямызда шектеулер жоқ. Ия, бізде кепілсіз топтық несиелеу бағдарламасы бар. Топ құрамы 3 адамнан 10 адамға дейін тұра алады («ДОС» өнімінде топта 2 адам). Топ мүшелерінің кез келген табыс көздері қарастырылады, яғни бір топ мүшесі бизнеспен айналысуы мүмкін, басқа топ мүшесі ауыл шаруашылығымен немесе жай офис қызметкері болуы мүмкін.

Топ мүшелері арасында қарым-қатынастары жақсы болуын есепке ала тұра, осы адамдардың жұмыс орны, бизнес орны немесе тұру мекен-жайлары бір-біріне жақын болуы қажет.  Сіз бізден алғаш несие алу кезінде сома бойынша 250 000 теңгеге дейін ала аласыз, қайта өтінім беру жағдайында несие сомасы көбееді. Мерзімі – 12 айға дейін.

 

Сіздер беретін несиенің ең аз сомасы қанша?

Кепілсіз несиелеуде - бірінші несие сомасы 250 000 теңгеге дейін. Мұндай өтінімдер қысқа мерзімде қарастырылады.

 

Айтыңызшы, неліктен KMF-те жақсы несие тарихы қалыптасқан шығып кеткен клиент сатылықты  (яғни бірінші деңгейден бастау) сақтау керек?

Біздің ұйымда бағдарламадан шығып кеткен немесе уақытша несиелеуді тоқтатқан клиенттер үшін тиісті ережелер бар. Егер қарыз алушы 6 айға дейін мерзімі кезінде уақытша несие алмаса, онда қажет болған жағдайда ол сатылыққа (яғни несиенің келесі сомасын) сәйкес келесі несиені алуына құқығы бар. Егер несиелеуде уақыт алшақтығы 6 айдан көп болса, онда қайтадан жаңарған несиелеу сомасы соңғы алынған несиелеу сомасынан артық болмайды. Егер несиелеуде уақыт алшақтығы 12 айдан көп болса, онда қайтадан жаңарған несиелеу алғаш деңгейден (250 000 теңге) басталады. Бұл клиенттің осынша көп уақыт аралығында  бизнес өзгешелігінің өзгерту мүмкіндігімен байланысты. Егер топтық несиелеуде уақыт алшақтығы 12 айдан көп болса, және клиент басқа өнімдерде белсенді болса, онда филиал Кредиттік комитетінің шешімі бойынша сатылық бойынша несиелеуді жалғастыру рұқсат етіледі.

 

ЖЕКЕ НЕСИЕЛЕУ


Менде жұмыс істеп тұрған бизнесім бар, 2010 жылы таза табыс сомасы 7 000 000 теңге шамасын құрады. Теңгерімдік бағасына сәйкес негізгі қаражат – 3 000 000 теңгеге дейін. Айтыңызшы, сіздерден 7 500 000 теңге шамасында несие алу мүмкін бе?

Ия, сіз осы несие сомасын «Бизнес» несие өнімінің кейбір шарттарын сақтай отыра ала аласыз, сіз мәлімдеген сома осы өнімге кіреді: егер Сізде 1 жылдан кем емес бизнесті жүргізу бойынша кәсіпкерлік тәжірибеңіз болса, басқа қаржы ұйымдарында ашық кешіктірілген қарыздарыңыз болмаса, және Сіздің төлем қабілеттілігіңіз мәлімденген несие сомасына сәйкес болса. Кепілдік қамтамасыз ету ретінде жылжымайтын мүлік немесе жылжымайтын мүлікпен құрамдастырым болады. Сіздің бизнесіңізді және кепілдік қамтамасыз етуіңізді бағалауды біздің несие маманымыз тегін жүргізеді.

 

Кепілсіз жеке несие алуға бола ма?

Жоқ, біздің ұйымымызда жеке несие алу үшін кепілдік қамтамасыз ету керек. KMF –те кепілдік қамтамасыз етуге икемді тәсіл қолданылады. Көп емес сомаға клиент кепілдік ретінде айналымдағы тауарын, жекеменшік мүлігін, малын, үшінші тұлғаның кепілін қоя алады.

 

Менің айналымы жарты миллион теңгеден асатын өз бизнесім бар. Айтыңызшы, неге мен «Бизнес» өнімінде 300000 теңгеден артық несие ала алмаймын, егер айналымым маған мүмкіндік берсе?

«Бизнес» өнімінде ең жоғарғы мүмкін несие сомасы – 10 млн. теңге. Мүмкін, 300 000 теңгеге дейінгі несие сомасының берілуі, бизнестегі жоғары айналымға қарамастан, басқа себептердің жоғары несие сомасының берілуіне кедергі болып тұрғанына байланысты шығар, мысалы, қарыз алушының төлем қабілеттілігінің төмендігі, басқа қаржы ұйымдарында қосымша несиелердің болуы, қиын өтетін кепілдік қамтамасыз етілуі және т.б..

 

Ауылдың тұрғындарына жеке несие алуға бола ма?

Иә, табыс көзі ретінде жеке шаруашылығы, немесе шаруа қожалығы (фермерлік) шаруашылық (ауыл шаруашылық өнімдерін өсіру, шошқа бағу, сату және пайда табу мақсатымен ірі және ұсақ малдарды және құстарды өсіру) қызмет ететін жеке тұлғалар қарыз алушылар ретінде бола алады. Ауылдың тұрғындары үшін жеке несиелер туралы мына жерден оқыңыз.

 

Жеке несиелеу кезінде жеңілдік кезеңі қарастырыла ма?

Қарыз алушы ай сайын тек пайыздарды, яғни несие бойынша сыйақыны өтеген кезде, жеңілдік кезеңін орнату мүмкіндігі қарастырылады. Жеңілдік кезеңі дұрыс несиелік тарихы бар қарыз алушылар үшін филиалдың Кредиттік комитетінің шешімі бойынша орнатылады.

 

Үйді, машинаны кепілдікке қойып, қандай несие сомасын алуға болады?

Берілетін несие сомасын анықтау бойынша ақтық шешім бірнеше себептерге байланысты болады, және бірінші себеп - болжамды клиенттің тұрақты табыс көзінің болуы. Автокөлікті немесе үйді кепілдікке қойып алынатын несие сомасын бір кезетте анықтау қашықтықтан ұсынылуы мүмкін емес, бұл филиал деңгейінде шешіледі.  Бұл мәселені шешу үшін телефон бойынша консультация алуыңызды өтінеміз, немесе өзіңіздің мекен-жайыңыз бойынша филиал офисінегі несие сарапшысына консультация үшін жолығуыңызға болады. Өнімдер бойынша ең жоғарғы сомалар туралы, мекен-жайлар мен телефондарды біздің сайтта, филиалдардағы стендтерде, тіркеу дәптерлерінде таба аласыздар.

 

Сіздерде пәтерді кепілдікке қойып, пәтерді жөндеу жұмыстарына 200 000 теңге мөлшерінде тұтынушылық несие алуға бола ма?

Өкінішке орай, жұмыста ресми түрде тұрмаймын және зейнетақы аударылымы жүрмейді, сондықтан табыс туралы ресми құжат бере алмаймын.

Ұйымда (кәсіпорында) жұмыс істейтін клиентке несие беру міндетті шарттарының бірі - ресми түрде табысты растау және жұмыс өтілі кемінде жарты жыл болуы. Егер сіз бизнеспен айналысатын болсаңыз, және сіз ресми түрде табысты растай алмасаңыз, онда біз сізге топтық кепілсіз несиелеуді ұсынамыз.

 

Кепілдікке үйді қойып несие алғым келеді. Алайда  жылжымайтын мүлік менің жекеменшігім емес,  бірақ менде нотариалды куәландырылған сенімхат бар. Айтыңызшы, несиені ресімдеу үшін тағы басқа қандай құжаттар қажет?

Жылжымайтын мүлік кепілдік қамтамасыз ету ретінде тек кепіл берушінің кепілдік мүлікке жекеменшік құқығы бар шартында ғана қабылдананды. Нотариалды куәландырылған сенімхат құқықты белгілейтін құжат болып табылмайды.

 

Коммерциялық мақсаттар үшін жылжымайтын мүлікті сатып алу үшін несие алуға бола ма?

Иә, болады, бірақ бұл кезде қарыз алушы өзінің қаражаттарынан KMF бағалауына сәйкес сатушыға сатып алынатын объектінің құнының 30%-дан кем емесін төлеуі керек. Коммерциялық мақсаттар үшін коммерциялық жылжымайтын мүлікті сатып алу жағдайында, қамтамасыз ету ретінде сатып алынатын жылжымайтын мүлік қабылдануы мүмкін. Коммерциялық жылжымайтын мүлікті сатып алу туралы толығырақ мына жерден оқыңыз.

 

Жеке несиенің барынша көп мерзімі қанша?

Жеке несиенің барынша көп мерзімі - 60 ай

 

Кепілге жер учаскесін қоюға бола ма?

Жеке меншік құқығында немесе жалға алу түрінде жерді уақытша ұзақ уақыт пайдалану құқығында кепіл берушіге жататын жер учаскесі кепіл заты ретінде бола алады.

 

Кепілге оң жақта орналасқан рульмен басқарылатын автомобиль қабылдана ма?

Жоқ. Кепілдік қамтамасыз етуге талап – сол жақта орналасқан рульмен басқарылатын автокөлік.