Түрлі мақсаттарға арналған

қол жетерлік шағын несиелер

  

          

Бизнеске

Тұтынушылық мақсаттарға

Ауыл шаруашылыққа

    «ПРОФЕССИОНАЛ» жеке кредиті

    • Бизнес жүргізу жөнінде кемінде бір жыл өтілі бар жеке кәсіпкерлер үшін; 

    • ҚР заңнамалық кесімдері және КМҒ ішкі құжаттары тыйым салмайтын шаруашылық қызметтің кез келген түрін жүзеге асыратын заңды тұлғалар үшін.

    *

    Коммерциялық мақсаттар үшін коммерциялық жылжымайтын мүлік сатып алатын жағдайда сатып алынатын жылжымайтын мүлік қамтамасыз ету ретінде қабылдануы мүмкін. Бұл ретте Заемшы өз қаражаты есебінен сатушыға КМҒ бағасына сәйкес сатып алынатын нысан құнының кемінде 30% төлеуі тиіс.

    Коммерциялық нысан салуға жер телімін сатып алатын жағдайда сатып алынатын жер телімі тиісті мақсатты пайдалануға жарамды болуы тиіс.

    Беделі және кредит тарихы оң заемшылардың «СЕЗОН» (маусымдық сату кезінде қаржыландыру) шағын кредитіне қол жеткізуге мүмкіндігі бар.

    Несиелендірудің талаптары:

    Мерзімі:

    60 айға дейін (жеңілдік кезеңі берілуі мүмкін)

    Сомасы:

    2 000 001 теңгеден 10 000 000 теңгеге дейін

    Қамтамасыз_ету:

    жылжымайтын мүлік, жылжымайтын мүлікпен аралас

       

    Қажетті құжаттар:

    1. Жеке басын куәландыратын құжат (Кредит сарапшысы түпнұсқасымен салыстырған көшірмесі). Мыналар жеке басын куәландыратын құжаттар болып табылады: ҚР азаматының төлқұжаты немесе жеке куәлігі; тұрғылықты өмір сүру түрі; азаматтығы жоқ тұлғаның куәлігі.
    2. Салық төлеушінің куәлігі (Кредит сарапшысы түпнұсқасымен салыстырған көшірмесі).
    3. Тұрғылықты орнын (тіркелуін) растайтын құжат
    4. Мөлшері 3х4 түрлі-түсті құжаттамалық сурет.
    5. Заңды тұлға құрмай-ақ жеке кәсіпкер ретінде тіркелген заемшылар қосымша жеке кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің, патенттің немесе заңнамада көзделген тәртіппен кәсіпкерлікті заңды тұлға құрмай-ақ жүзеге асыруды растайтын өзге құжаттың көшірмесін және салыстыру үшін түпнұсқасын ұсынады. Лицензияланатын қызметті жүзеге асырған жағдайда лицензияның көшірмесі және салыстыру үшін түпнұсқасы ұсынылады.
    6. Кепіл мүлкінің құқығын белгілейтін құжаттар.

    Заңды тұлғалар үшін қажетті құжаттар:

    1. Жарғының және құрылтай шартының (егер құрылтайшы жалғыз өзі болса, құрылтай шарты талап етілмейді), мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің, СТН, статистикалық картаның нотариалды куәландырылған көшірмелері.
    2. Қол қою үлгілері мен мөр таңбасы бар нотариалды куәландырылған карточка.
    3. Егер қызмет түрі лицензияланатын болса, лицензияның көшірмесі
    4. Шарттарға қол қою кезінде өкілеттігін растайтын құжат
    5. Егер Жарғыда немесе Құрылтай шартында атқарушы органның басшысы қызметіне кімнің тағайындалғаны көрсетілмесе, оны тағайындау туралы уәкілетті органның шешімі. 
    6. Уәкілетті органның шағын кредитті алуды, қамтамасыз етуді ұсынуды (егер кепіл беруші заемшы немесе өзге заңды тұлға болса) мақұлдауы және тиісті шарттарды жасауы туралы шешімі.
    7. Соңғы бір-үш жылдағы қаржылық есептілік (Кредит комитетінің талабы бойынша);
    8. Берешегінің жоқтығы туралы құжаттар:

    • берешегінің жоқтығы туралы салық комитетінен алынған анықтама
    • банктік шоттарының бар екендігі және нөмірлері туралы банктен алынған анықтама (акцептсіз есептен шығару мүмкіндігі үшін);

    1, 4, 5, 6-тармақтарда көрсетілген құжаттар егер кепіл беруші өзге заңды тұлға болған жағдайда да ұсынылады.

    Несиені пайдалану мақсаты:
    • бизнесті дамытуға (сауда-саттық, өндіріс, қызметтер);

    • тұтынушылық мақсаттарға: оқыту, емдеу, жөндеу, медициналық қызметтер, жиһаз, тұрмыстық техника сатып алу және т.б.  (сауда-саттық, өндіріс, қызметтер);

    • салтанатты іс-шаралар өткізу үшін;

    • жылжымайтын мүлік (тұрғын және коммерциялық) сатып алуға, салуға, жөндеуге және қайта қалпына келтіруге;

    • көлік құралдарын сатып алуға (жеке басы үшін және коммерциялық мақсатта пайдалану үшін);

    • ауыл шаруашылығы техникасы мен оның қосалқы бөлшектерін сатып алуға.

    • ауыл шаруашылығы қажеттілігіне қажеттілігіне, оның ішінде: 

      • Мал шаруашылығында:
        • ірі қара мен жандықты және олардың жемін сатып алу;
        • шошқа шаруашылығы;
        • сүт және сүт өнімдерін өндіру;
        • құс сатып алу және өсіру; 
        • жем-шөп дайындау және/немесе сатып алу;
        • омарташылық, балық өсіру;
        • басқалары.
      • Егін шаруашылығында:
        • ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру;
        • тұқымды және органикалық тыңайтқыштарды сатып алу;
        • жерді өңдеу қызметтерінің ақысын төлеу;
        • шаруашылықта пайдалануға арналған мүкәммалды сатып алу;
        • жылы жайлар мен пәрнектерге арналған құрал-жабдықтарды, құрылғыларды және материалдарды сатып алу;
        • көкөніс шаруашылығы;
        • бақша шаруашылығы;
        • егін шаруашылығының басқа түрлері.

    Несиелик калькуляторды қолдану

    Несиеге мәлімдемені толтыру