|
|
Әлеуметтік жауапкершілік
|
| | | |
|
Шағын қаржылық салада көш бастап отырған «KazMicroFinance» МКҰ ұзақмерзімді болашақта бизнесті табысты дамытудың маңызды шарттарының бірі ретінде әлеуметтік саясатты дұрыс жүргізу және әлеуметтік жауапкершілікті қарастырады. KMF қоғамның белсенді мүшесі ретінде республиканың қоғамдық өміріне қатысудан қалыс қалған емес. Өз қызметінде Компания мәдени және әлеуметтік жобаларды, қоғамдық іс-шараларды қолдауға, демеушілікке көп көңіл бөледі. Әлеуметтік жауапкершіліктің жоғары деңгейіне қол жеткізу KMF корпоративтік мәдениетінің бөлігі болып табылады.
Жыл сайын 9 мамырда Компания Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне қаржылық қайырымдылық қолдау көрсетіп отырады. Компанияның барлық филиалдарында салтанатты жиналыстар мен мерекелік астар ұйымдастырып, ҰОС ардагерлеріне тарту-таралғылар беріп, материалдық көмек көрсетіп отырады.
«Балаларды қорғау күні» мерекесінің қарсаңында компанияның филиалдары тұрмысы нашар отбасылар, мектеп-интернаттар балаларына қайырымдылық көмек көрсетеді, әлеуметтік маңызды бағдарламаларда демеуші ретінде қатысады.
2008 жылғы наурызда KMF бас демеуші ретінде «Бауыржан» қорының «Жақыныңа жәрдемдес» қайырымдылық акциясын ұйымдастырып, оның нәтижесінде балалар үйлері мен мұқтаж отыбасыларға берілген киім-кешек, ойыншық және ақша жиналған болатын.
2008 жылғы қаңтарда Компания Елбасының тапсырмасы бойынша жүзеге асырылған Ақмола облысының Первомай селосында мүгедек балаларға арналған Балалар үйінің құрылысы жобасын бірге қаржыландыруға қатысқан».
|
| | | |
|
«Олимп-KMF» футбол командаларына демеушілік ету
|
| | | |
|
Құрылған күннен бастап (1997 жыл) осы күнге дейін KMF компаниясы дене шынықтыру және спортқа демеушілік ету саласында бағытты бірыңғай саясат ұстануда, аймақтардағы «Олимп-KMF» балалар футбол командаларын құра және олардың қызметтерін қолдай отырып, республикамыздағы балалар футболын дамытуға қатысады. «Олимп-KMF» командаларында Қазақстанның жеті қаласынан (Алматы, Тараз, Талдықорған, Шымкент, Түркістан қ.қ.) барлығы 100-ден астам оқушылар жаттығады. Жоба шеңберінде балалар футбол командаларын спорттық мүкаммалмен, киім-кешекпен, керек-жарақпен жасақтандыру, жаттықтырушылар құрамының жұмысын іріктеу мен еңбекақысын төлеу, сонымен қатар тұрақты жаттығулар мен жыл сайынғы турнир өткізу жүзеге асырылады.
2008 жылы Қазақстанның бес қаласынан келген жеткіншектерден құралған «Олимп-KMF» балалар футбол командаларының арасындағы KMF кубогына өткен турнир Тараз қаласында өтіп, Тараздық филиалдың 5 жылдығына орайластырылған болатын.
2008 жылы жалпы әлеуметтік жобаларға компания 5 млн теңгеден астам сомаға қаржы бөлген, оның ішінде балалар футболының демеушілігіне – бөлінген қаржының 70%-ы жұмсалды.
KMF келешекте де елдің мәдени және әлеуметтік өмірінің дамуына өз үлесін қосу ниетінен айнымақ емес.
|
| | | |
|
Шымкент қаласында өткен «Әйел және бизнес» конференциясы
|
| | | |
|
KMF компаниясы дәстүрлі түрде Шымкент қаласында ұйымдастыратын конференция жыл өткен сайын тек Оңтүстік Қазақстан обылысы ғана емес, сонымен қатар Қазақстанның басқа да аймақтарынан келген кәсіпкер келіншектердің арасында кең танымал бола бастады. Конференцияның басты мақсаттарының бірі сұхбаттасу және тәжірибе алмасу, отбасында, қоғамда, сондай-ақ бизнестегі әйелдер ролін нығайту болып табылады.
|
| | | |
|
KMF әлеуметтік жауапкершілігінің маңызды бөлігі келесілер:
|
| | | |
-
Адал іскерлік этика;
-
Салықтар мен еңбекақыны уақтылы төлеу бойынша міндеттемелерді орындау;
-
Жаңа жұмыс орындарын ұсыну;
-
Қызметкерлерді оқыту, жұмысына, демалысы мен сауығына тиімді жағдайлар жасау;
-
Қызметкерлерге арналған әлеуметтік пакет.
|
| |
|
| | |
| | |
| | |
| | |
| | |
|
|