Бақылаушы кеңес

Басшылық


Жүсіпов

Шалқар Аманғосұлы

Басқарма Төрағасы

Жүсіпов Шалқар Аманғосұлы Алматы облысында 1970 жылғы 11 сәуірде туған. Екі жоғары білімі бар: Қазақ Мемлекеттік Сәулет-Құрылыс Академиясы құрылысшы инженер мамандығы бойынша, Қазақ Мемлекеттік Басқару Академиясы экономист мамандығы бойынша.

Қазақстандағы банк секторындағы жұмыс тәжірибесі 1994 жылдан басталады. Қазақстандық кредиттеу қорының негізін құрушылардың бірі болып табылады: ол жұмысын компанияның Талдықорған қаласында ашылған филиалдарының бірінде 1997 жылғы қыркүйектен бастап бас есепші ретінде бастаған.

Қазіргі таңда «KazMicroFinance» микрокредиттік ұйымы» ЖШС Басқарма төрағасы болып табылады.

«KazMicroFinance» компанияның басшылығын алып жүріп, Шалқар Аманғосұлы сондай-ақ Қазақстанның микроқаржылық ұйымдары Қауымдастығының (АМФОК) Директорлар кеңесінің төрағасы, ҚР Президенті жанындағы Кәсіпкерлер кеңесінің мүшесі, сондай-ақ ТМД елдерінің Микроқаржылық Қауымдастығының Координациялық кеңесінің төрағасы бола отырып, Қазақстан Республикасының әлеуметтік-қоғамдық өміріне атсалысуда.

 

Әкимжанова

Гульшат Бостанқызы

Басқарма Төрағасының Орынбасары

Әкімжанова Гүлшат Бостанқызы 1961 жылы 16 сәуірде Алматы облысында туған. Білімі жоғары экономикалық, Алматы ауыл шаруашылық институтын бітірген. 1997 және 1999 жылдар аралығында Қазақстандық кредиттеу қорының Талдықорғандық филиалының бас есепшісі болып қызмет еткен. Әр жылдары компанияның Шымкенттік филиалы және Алматы филиалы директорының, Бас Офис Кредиттік Департаменті Директорының лауазымдарын иеленген.

Казіргі таңда KMF Басқармасы Төрағасының Орынбасары болып табылады.

Әбенова

Альмира Құрбаналiқызы

Басқарма Төрағасының Орынбасары

Әбенова Альмира Құрбанәлиқызы 1963 жылы 22 наурыз айында туылған. Ташкент қаласынлағы Ауыл шаруашылығы институтын бітірген мамандығы бойынша – экономист. Сертификатталған практиқалық есепші (CAP) .

Қазақстандық кредиттеу қорында 2001 жылдан бастап қызмет атқарады. 2004 жылға дейін Шымкент қаласындағы филиалда бас есепші болып жұмыс істеген.

2004 жылдан 2008 жылдға шейін ««KazMicroFinance» МКҰ» Басқармасының мүшесі және Қаржылық басқарманың Директоры лауазымын иеленген.

Бүгінгі күнде KMF Басқармасының Төрағасының Орынбасары болып табылады.

2010 жылдан бері ҚазақстанСалықтөлеушілерінің Ассоциацының Басқару Кеңесінің мүшесі болып келеді.