1996 – 2006 ж.ж.

 

KazMicroFinance (KMF) микрокредиттік ұйымның тарихы оның бас компаниясы болып табылатын  қазақстандық кредиттеу қорын (ҚФК) құрудан басталады. 1996 жылы Халықаралық даму жөніндегі американ агенттігі (USAID) Қазақстандағы микрокредиттеу жобасын енгізуге тендер жариялаған,  ACDI/VOCA  –  американдық үкіметтік емес ұйым оны ұтып алып, соңында «Қазақстандық кредиттеу қоры» корпоративтік қорының құрылтайшысы болды.  

1997 жылғы 20 қарашада Талдықорғанда қала кәсіпкерлеріне бірінші кредиттер берілген. Қызметкерлердің табанды еңбегі мен біздің Республикамыздың жағдайларына үздік бейімделген әдістеме Талдықорған қаласында ендірілген жоба жетістіктерге жеткен болатын. Өзінің географиялық шекараларын кеңейте отырып және қызмет көрсетілетін клиенттер санын ұлғайта отырып, қордың жұмысы  қарыштап дами бастады. 

2006 жылы жылу Қазақстандық кредиттеу қоры бұл ретте коммерциялық емес ұйым ретінде қала отырып, «Қазақстандық кредиттеу қоры» микрокредиттік ұйымына айналып, өз мәртебесін өзгертті.

Қазақстан Республикасының нарығында жұмыс істеген кезде ұйым өзінің клиентке бейімделген тұрақты және ашық шағын қаржылық ұйым ретінде танытты.

1997 және 2006 ж.ж. аралығында ҚР ірі қалаларында 6 филиал іске қосылған. Әр филиалда ауылдық бөлімшелер жұмыс істей бастады.  

  

 

2007 – 2009 ж.ж.

 

2006 ж. аяғында Қор ««KazMicroFinance» МКҰ (KMF) ЖШС коммерциялық еншілес ұйымын құрды. Қазақстандық кредиттеу қорының барлық клиенттері мен қызметкерлері жаңа ұйымға ауыстырылған. Қазақстандық кредиттеу қорының құқықмұрагері бола отырып, KMF компаниясы  ҚФК жетістіктерін арттыра отырып, ортаазиялық аймақтағы шағын қаржылық нарығындағы көшбасшылығын сақтап отыр. 

  

2008 жылы жылу құрылтайшы - ACDI/VOCA КҚ американдық корпорациясының шешімімен «Қазақстандық кредиттеу қоры МКҰ» «KMF-Демеу» КҚ-ына түрлендірілген. 

 

Қазіргі таңда  ««KMF-Демеу КҚ» компанияның жарғылық капиталындағы 83% үлесті иелене отырып, ««KMF» МКҰ» ЖШС негізгі қатысушысы болып табылады. Қалған 17% ұйымның жарғылық капиталындағы қызметкерлердің қатысу саясатына сәйкес (2007 жылы қабылданған ESOP халықаралық бағдарлама бойынша) компания жұмысшыларына тиесілі. 

 
 

 

 

Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта