Фирмалық стиль

Фирмалық стиль – көркемдік-графикалық, қаріптік, түстік және басқа да константалардың жүйелі ұйымдастырылған жиынтығы, олар KMF бейнесінің, сондай‑ақ оның өнімдері мен қызметтерінің тұтастығын және даралығын қамтамасыз етеді.

Фирмалық стиль KMF компаниясын көптеген басқа да ұйымдар арасынан өзгешелеп алуға, оның есте сақталымдығын арттыруға бағытталған.

Фирмалық стиль KMF қызметтерінің барлық ерекшеліктерін, сондай‑ақ оның алдында тұрған мақсаттар мен міндеттерді ескере отырып әзірленген.

Фирмалық стиль компания беделін қалыптастырудағы негізгі құралдардың бірі болып табылады, компанияға, сондай­-ақ өнімдер мен қызметтерге деген сенімді қалыптастырады.

Логотип

Фирмалық стильдің іргелі элементі болып табылады, оны есте сақтау KMF брендінің көпшілікке танымал болуында басты рөлді атқарады. Логотип концепциясы «Серіктестік-Тұрақтылық-Даму» бағытын ұстанады, бұл бағыт KMF компаниясының миссиясын, болашақты болжау жүйесі мен жалпы ұстанымын бейнелейді. Логотип мынадай элементтерден тұрады: логотиптік белгі, атау және мәртебе.

 

KMF аталуы

Қысқартылған Kazakhstan «Kaz» және «MicroFinance» деген екі сөзден құралған  KazMicroFinance атауының қысқармасы болып табылады. Бұл тіркес мағыналық жағынан болсын, визуалдық жағынан болсын мынадай міндеттерді шешуге бағытталған:

  1. «Kaz» деген бөлігі оның қандай елге тән екендігін көрсетеді
  2. «MicroFinance» деген бөлігі оның қандай қызмет саласымен айналысатындығын көрсетеді
  3. Латын алфавитін пайдалану оның маңыздылығы мен салмақтылығын қалыптастыруға бағытталған, әлемдік қоғамдастықта түсінуге және есте сақтауға қолайлы
  4. Латын қарібі ұйымның негізді қайдан алғандығын көрсетеді – «Қазақстан Несиелеу Қоры» деп аталған аналық компанияны американдық ACDI/VOCA корпорациясы құрған

KMF логотиптік белгісі

Мынадай екі элементтен құралған: ромб және өскін. Бұл визуалдық бейне KMF қызметінің саласын және қағидаттарын бейнелейді:

  • Логотиптік белгідегі екі белгінің қиыстырылуы KMF жұмысындағы клиенттерге, қызметкерлерге, басқа да қоғамдық топтарға қатысты серіктестік тәсілдемені білдіреді. Сондай-ақ серіктестік концепциясы KMF компаниясының әлеуметтік бағдарын көрсетеді
  • Ромб пішіні қызмет саласының бағытын көрсетеді. Квадрат негізін құрайтын пішіндер қаржы ұйымдарының логотиптік белгілерінде жасырын түрде дәстүрлі болып табылады, өйткені бұл белгі тұрақтылық пен іргелілікті білдіреді
  • Өскін KMF қызметіндегі тұрақты өсу деңгейін көрсетеді: өсу, клиенттерді өсіру; ұйымның өзіндік өсуі
  • Өскін пішіні бір жаққа қарай майысып бейнеленген, бұл KMF компаниясының барлық қызмет аспектілері бойынша тұрақты даму қарқынын және оның әр кездегі икемділігін көрсетеді: шешімдер қабылдауда демократиялық тәсілдемені қолдану, үнемі өзгеріп отыратын нарықтық жағдайға бағдарлану
  • Өскіннің оң жаққа қарай бағытталуы KMF компаниясында дамудың дұрыс жолға қойылғандығын білдіреді  

KMF логотипінің түстері

Логотиптің жылы түстері оның визуалдық бейнесін құрайтын «Серіктестік», яғни, әлеуметтік бағыттылық сияқты құрама бөлігін айқындайды.

KMF логотипіндегі элементтер үйлесімі

Негізгі бөлікте жуан әрі айқын әріптермен жазылған компания атауы және оның астындағы логотиптік белгі «Тұрақтылық» концепциясының құрама бөлігін айқындайды.


Гимн KMF