Тарих

Шағын қаржаландыру ұстанымдары

Қазақстандағы шагын қаржыландыру

Қазақстанның шағын қаржылық ұйымдардың қауымдастығы

    
  

Тарих

 

Шағын қаржыландыру кредитті басқаша алуға мүмкіндігі жоқ тұлғаларға беру әдісі ретінде 20 ғ. 70-ші жылдарында пайда болған. Шағын қаржыландыру тар шеңберде пайдаланылады – бұл 20 ғасырдың 80-ші жылдары әлеуметтік бағыттағы үкіметтік емес ұйымдары жасаған әдістемені пайдалану арқылы бейресми шағын кәсіпкерлер немесе халықтың аз қамтылған топтарының кең көлеміне микрокредиттер беру.

Тұрмысы нашар жандарға арналған ресми қаржылық қызметтер кредиттеудің жаңа формасы емес. Осылайша 1950 жылдардан бастап, даму бағдарламалары экономикалық тұрғыдан әлсіз аймақтарды қолдауға бағыттала бастады. Сонда үкіметтер мен донорлар кішірігім фермерлерге олардың өнімділігі мен табыстарын ұлғайту мақсатында субсидияланған ауыл шаруашылық кредиттерін беруге тоғыстырылған.

Қолданылған «субсидияланған» схема аса табысты болмады, өйткені алынған қаражат халықтың аз қамтылған топтарына жетпей, ауқатты фермерлер уысында қалып отырған. Қайтару деңгейі төмен болған, ал ауыл банктері банкроттық шегінде еді. Субсидияланған кредиттердің жетілдірілмеген бағдарламасы  өзгеріске ұшырап, дамушы елдердің шағын мекемелерінің әлеуметтік дамуына қайта бағытталған.

Аталмыш бағдарлама аз қамтылған халыққа кредиттер берудің балама нұсқасы ретінде қолданысқа енді. 1970 жылдардан бастап, эксперименталды бағдарламалар Бангладеш, Бразилия және басқа да дамушы елдерде үздік қолданысқа енген болатын. Бағдарламалар   шағын мекемелерге қаражат инвестициялау мақсатында аз қамтылған әйелдер топтарына кішігірім заемдар беруді көздеген.  Шағын кәсіпкерлік заемның осындай түрі мүшелері әрбір азем алушының заемы бойынша төлемге кепілдік беретін кредиттеуге негізделген.

1980-90 жж. микрокредиттеу бағдарламалары жетілдірілген: тиісті әдістеме жасалған және сонымен, «аз қамтылғандарды кредиттеу туралы» тұрақтап қалған күдік сейілді. Біріншіден,  тұрмысы нашар адамдар және әсіресе, аз қамтылған әйелдер өздерінің кредиттерін төлейтіндігі көрсетілген.  Екіншіден, тұрмысы нашар адамдар пайыздарды төлеуден бас тартпайды және төлеуге қабілетті де, бұл шағын қаржылық мекемелерге өздерінің шығындарын жабуға мүмкіндік береді.  Үшіншіден, жоғарыда сипатталған себептер: өтеудің жоғары деңгейі және шығын жабатын пайыз – шағын қаржылық ұйымдарға өз шығынын өзі өтейтін деңгейге шығып, клиенттердің көпшілігін қамтуға мүмкіндік береді.  

   

Шағын қаржаландыру ұстанымдары

 

Микрокредиттеудің негізгі ұстанымдары келесілерді қамтиды: бірінші – бағдарламаны кең тарату, және екіншіден – шағын қаржылық ұйымдардың қаржылық тұрақтылығына қол жеткізу. Бұл микрокредиттеу әдістемесіне дамыған қаржылық институттардың арасында бірегей болуға мүмкіндік береді. Шағын қаржылық қызметтердің негізгі артықшылығы олардың қысқа уақытқа берілетіндігі және ұзақ қарым-қатынастарға бейімділігі болып танылады.

Дүниежүзілік Банктің бағасы бойынша, қазіргі таңда әлемде 56 елдегі 16 миллионға жуық адамдарға қызмет ететін шағын қаржыландыру саласында  7 000-нан астам ұйымдар әрекет етеді.  Бүгінгі күні шағын қаржыландырудың әлемдік индустриясындағы жағдай  ауысып тұрады – бұл секторда түрлі әдістемелер қолданыла бастады, қаржылық қызметтердің өрісі сақтандыру депозиттер, сақтандыру, қаражатты аудару есебінен кеңейеді. Заемдар топтық, сондай-ақ жекелеген негізде де беріле алады, ал кредиттерді төлеудің сомалары мен мерзімдері клиенттердің мұқтаждықтарына анағұрлым икемді және ыңғайлы болуы мүмкін.  Туындап отыратын қажеттіліктерге лайықтала отырып, шағын қаржылық ұйымдар жаңа өнімдерді жасап шығаруда. Ал жалпы шағын қаржыландыру донорлық қаражат есебінен аз қамтылғандарға кредиттік қорлар беру жүйесі болудан қалды. Ол қаржылық делдалдықтың нақты құралына айналды. Жаңа енгізілген өзгерістер тек кредиттеу бағдарламасын қозғап қана қойған жоқ. Қаржы сақтаудағы жаңалықтар – күнделікті саудагерлерден салым жинайтын мобильді қызметкерлерді пайдалану және осылайша сауатсыз клиенттерге өздерінің шоттарына қол жетімділік беретін ауылдық жерлерде саусақ іздерін танитын банкоматтарды ортау болып табылады. Шағын мекемелердің тиімді қызметін қамтамасыз ету бойынша стратегиялар жетілдіріледі және шағын қаржыландыру көбінесе, көптеген адамдарды кедейліктен шығару қабілетін көрсетіп отырады.

     

Қазақстандағы шагын қаржыландыру 

     

Қазақстан Республикасында шағын қаржыландыру 90 жылдарда пайда болды. 20-шы ғасырда Микрокредиттеу бағдарламалары түрінде көрініс тапты. Бұл бағдарламалар қорлар, микрокредиттік ұйымдар, кредиттік ұйымдар арқылы беріледі.  Әдетте, аталған ұйымдар коммерциялық емес болып табылады.

ҚР-да микрокредиттікбағдарламалардың негізгі белгілері:

  • кредит мөлшері – салыстырмалы түрде кішігірім;
  • мақсатты пайдаланушылар – аз деңгейлі кірісі бар үй шаруашылығы және шағын кәсіпкерлік субъектілері;
  • кредит берілетін мерзім - негізінен, қысқамерзімді;
  • кредитті пайдалану – кіріс алу және бизнесті дамыту, сонымен қатар білім алу, медициналық қызметтер және т.б. алу мақсатында;
  • кредиттің шарттары – көбінесе қандай да бір одақтастықтың жергілікті жағдайларына сай келетін кредиттер берудегі икемді шарттар.

Қазіргі таңда Қазақстан Республикасында қолданылатын микрокредиттеу схемаларын екі негізгі түрге бөлуге болады:

Жекелей кредиттеу – банктік кредиттеудің стандартты процедурасынан кейінгі және клиент бизнесінің тіршілігін, оның кредиттік тарихы мен онда бар кеңестерді бағалауға негізделетін шағын несиелеу схемасы. Кредиттеудің осы схемасында әдетте кепілдік мүлікті ұсыну немесе дефолт жағдайында кредит бойынша бірге (субсидиарлы) жауапты тұлғаның болу қажеттілігі пайда болады.

Топтық кредиттеуаталмыш схема сонымен қатар «Грэмин банкінің үлгісі» деп аталады. Оның негізі топтық кепілдік болып табылады. Кредит кредиттердің бірі-бірінің кепілдері болып табылатын тұлғалар тобына беріледі. Топтар өздері өз топтарының мүшелерін таңдайды және осындай өзара қарым-қатынастар топтағы серіктестік қысым жасауға мүмкіндік береді, бұл кредит бойынша уақтылы төлемдерді қамтамасыз етуге көмектеседі, сонымен қатар өздерінің Клиенттерін мұқият іріктеу мен мониторингі бойынша шағын қаржылық ұйымдардың шығындарын қысқартады.

  

Қазақстанның шағын қаржылық ұйымдардың қауымдастығы

   

Қазақстан Республикасында Қазақстанның Шағын қаржылық Ұйымдардың Қауымдастығы (АМФОК)бүкіл ел бойынша жұмыс істейтін шағын қаржылық ұйымдардың коммерциялық емес бірлестігі әрекет етеді. Қауымдастық республикадағы шағын қаржылық секторды дамыту мәселелерін шешу мақсатында Қазақстанның алты жетекші шағын қаржылық ұйымдары  АМФОК құрылтайшылары ретінде әрекет ете бастаған 2004 жылғы ақпанда құрылған. АМФОК миссиясы кедейлік деңгейін кеміту және экономикалық өсімді арттыру,  АМФОК мүшелерінің ортақ құқықтары мен мүдделерін ұсыну, алға тарту мен қорғау мақсатында халықтың, сонымен қатар ауылдық жердегі халықтың қол жетімділігін тұрақты түрде қамтамасыз ету үшін шағын қаржылық секторды дамыту болып табылады.

АМФОК-тың барлық мүшелері өз қызметінде АМФОК мүшелерінің іскерлік этикасы Кодексін ұстанады. 

 
 

 

 

Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта